RU

Айнұр Тұрсынбаева мен Балғынбек Имашев айтысты насихаттау үшін Африкаға ұшып кетті

Ақиық ақын Балғынбек Имашев пен Айнұр Тұрсынбаева Африкаға бет алды. Тосын сапардың себебін Тұрсынбаева Instagram желісінде жазып өтті.

"Балғынбек екеумiз 25 жыл айтысып қайда болмадық. Қытай, Моңғолия, Түркия, Франция, Англия... Ал бүгiн Африкаға ұшып барамыз десек сенбейсiздер ғой, иә?", - дейді ақын жанкүйерлеріне.

Айтыс өнері Юнесконың бағдарламасына енген соң, ақындарды ұйымдастырушылар мәдени шараның құрметтi қонағы ретiнде шақырған екен. Бұл жолы айтулы айтыскерлер Африканын Намибия мемлекетiне сапарға шыққан.

"Бәкең негрлермен қалай амандассам екен деп миы қатып отыр. Маған "сен ұлттық киiммен жүр, мен жапырақ байлай салам ғой" деп қояды", - деп әзілдеді жазбасында Тұрсынбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/972610-aynur-tursynbaeva-men-balghynbek-imash.html