RU

Назарбаевқа өзге мемлекет басшылары мен атақтылар қандай сыйлықтар жасайды?

Мемлекет басшыларына сыйлық тек туылған күндерінде ғана жасалмайды. Өзге мемлекет басшылары келгенде, маңызды халықаралық кездесулер мен ерекше даталарда да елбасыға кәде сыйлар тарту етіледі.

1 желтоқсан- Тұңғыш Президент күні. Осыған орай біз Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа берілген сыйлықтардың бірқатарын көрсетпекпіз.

Ұлт көшбасшысына жасалған тартулардың көптігі соншалық Астанадағы арнайы мұражайдың өзі лық толы. Оның ішінде қару-жарақтан бастап, ыдыс-аяқ, тіпті қарапайым тұрғындардың қолдан жасаған бұйымдары да бар.

Елбасыға берілген сыйлықтардың ең салмақтысы өзге мемлекет басшыларынікі. Ел атынан сыйланатындықтан олардың әрбір бұйымы алтынмен апталып, күміспен қапталып, бағалы тастармен көмкеріледі.

Ал кейбір президенттер мұндай бағасы қымбат бұйымнан гөрі, мағынасы терең кәделерді тарту еткенді ұнатады. Тағы бір айтары Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген сыйлықтардың ішінен ыдыс-аяқтарды көп көруге болады. Оларды Қытай, Ресей, Қырғызстан, Литва, Түркия президенттері жасаған.

1. Шанышқылар мен пышақтар жиынтығы. Сары түсті металл. Ұзындығы - 21 см. Швеция Королдігінің Елшісі Кристиан Камилл мырзадан. Ақорда, Астана. 10.12.2014 ж.

2. Дулыға . Алтындау, перуза. Металды көркемдеп оймыштау. Биіктігі - 42 см, диаметрі - 65,5 см. Түрік Республикасындағы ҚР - дағы Құрметті консулы Халил Улуер мырзадан. 27.08.2014 ж.

3. Стақандар жинағы. Шыны, 875* сынамалы күміс. Металды көркемдеп оймыштау. Салмақ - 94 гр. РФ Президенті В.В. Путиннен. Астана, Тәуелсіздік Сарайы. 29.05.2014 ж.

4. Кескіндеме. «Құран сүресі». Жүн жіп. Алтын жіптермен тігу. Ені - 111 см, ұзындығы - 170 см. Наджип Тун Разак - Малайзия Премьер-министрінен. 23.05.2014 ж.

5. Кесе. Тас, сары түсті металл. Диаметр - 11,5 см. Қырғызстан Президенті А. Атамбаевтан. ЖЕЭК отырысы. Астана, Тәуелсіздік Сарайы. 29.05.2014 ж.

6. Тостақан. Су тас. Сериялық шығарылым. Төменгі жағы диаметр.-34 см, үстінгі жағы дм. -28 см. Түркия Президенті А.Гүл мырзадан. Түркия Республикасы. Бодрум қ-сы. 04.06.2014 ж

7. Кәдесый. Мүйіз. Индонезия Президенті Сусило Бамбанг Юдойонодан.

8. Естелік медальдар жиынтығы. Күміс. Алтындату. Диаметрі - 63 мм. Еуразиялық экономикалық одақ. Астана. 29.05.2014 ж.

9. Түйреуіш. Күміс, жартылай бағалы тастар; қол жұмысы.

Қазақстан тұрғындарынан. 2005 ж.

10. Тұңғыш ұшқыш-ғарышкер Т. Әубәкіровтың қолғабы.

Тері, резеңке, пластик 04.11.1994 ж.

11. Боксшы қолғабы. Екі мәрте әлем чемпионы С. Сапиевтен. 27.12.2007 ж.

12. Кубок. Күміс. Алтын жалатылған. Авторы - Аверкин О. В. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі В.К. Божкодан.

13. Велосипед. Велошабандоз, Олиппиада чемпионы А. Винокуровтан 14.12.2012ж.

14. Кілем. Жүн жіп. Кілем тоқу. Ені - 132 см, ұзындығы - 171 см. Қазақстан халықтары Ассамблеясынан. 2014 ж.

15. Қазақтың ұлттық киімінің жиынтығы: камзол, жаулық және орамал. Жібек, кесте. С.А. Назарбаеваға Қызылорда облысының тұрғына З.Баймахановадан. 06.07.2001 ж.

16. 2014 жылы Астана қаласына атақты испандық теннисші Рафаэль Надаль келді. Ол Жо-Вильфрид Тсонгпен ойын өткізіп, залда отырған президент Назарбаевтің қошеметіне ие болды. Атақты Раф елбасына өзінің ракеткасын сыйлап, Нұрсұлтан Назарбаевпен теннис ойнауды армандайтынын айтты.

17. Сонымен қатар елбасы 2013 жылы өзінің 73 жасқа толуына орай ұзындығы тура 73 метрге жететін қолдан тоқылған кілемді сыйлыққа алды.  Кілемді жасап шығару үшін Қытайдан оралған екі қандасымыз еңбектенген. Айтуларынша, мұнша ұзын кілемге бір отар қойдың жүні жұмсалды.

18. 2013 жылы Қазақстан митрополиті Александр президентке Астанадағы кафедралдық шіркеуге келуінің құрметіне пасхалық жұмыртқаны сыйлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/972638-nazarbaevqa-ozge-memleket-basshylary.html