RU

Қайрат Нұртас тыңдармандарына тосын сый жасады

Қазақ радиосында тікелей эфирде сұхбат беруі әртістің жанкүйерлері үшін тамаша тосын сый болды. Қысқа кездесу барысында Қайрат радио тындармандарымен әңгімелесіп, өзінің өнері жайында біраз баяндап берді.

Тындармандарға белгілі болғандай, Қайраттың сахнаға алғаш рет шығып орындаған әні - «Ару ана» әні еді. Әңгіме барысында Қайрат орындауында 300-ден астам әні бар екендігін айта келе, сол әндер жинағын Қазақ радиосының музыкалық қорына тапсыруға уәде берді.

Қайрат Нұртастың жанкүйерлері бірінші болып әртістің жеке өзінен алдағы Астана-Арена стадионында өтетін концертке дайындық барысы жайында естуге мүмкіндіктері болды. Қайрат өзінің шығармашылық кешіне Индира Елемес, Нюша, Тимати, Сергей Лазарев, «Reflex» тобы және т.б. шақырған еді. Еске сала өтейік, осы жылдың ауқымды шарасының басты ұйымдастырушылары «Қазақстан» телерадиокорпорациясы және «Sapа Media group».

Тікелей эфирде Қайрат Нұртасқа ең жақсы қойылған сұрақ үшін тыңдарманға алдағы өтетін Қайраттың концертіне 2 билет сыйға тартылды. Аталған билеттердің иесі Қазақ радиосының тұрақты тындарманы, Құлсарының тұрғыны Дүйсенәлі аға болып табылды.

Қайрат Нұртас 12 желтоқсанда Астана қаласының Астана-Арена стадионында және 17-18 желтоқсанда Алматы қаласы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болатын ұмытылмас концертінің куәсі болуға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/973177-qayrat-nurtas-tynhdarmandaryna-tosyn.html