RU

Чилиде үш жүзден астам кит жағалауға шығып қалды

Чилиде киттердің жаппай қырылу оқиғасы тіркелді. Оңтүсткамерикалық елдің жағалауына 337 теңіз сүтқоректісі шығып қалды, деп жазды РИА Новости.

National Geographic мәліметтері бойынша, осыншама көлемде киттердің жағалауға шығу себебі әзірге белгісіз. Киттердің өлі денелерін Патагония жағалауының үстімен ұшу кезінде ұшқыштар байқаған. Сондықтан жануарлардың өлгені жайлы ешкім білмеген.

Қазір ғалымдарда 305 киттің өлі денесінің және 32 қаңқа сүйегінің суреттері бар. Бұл киттердің ұзындығы 19,5 метрге, салмағы 50 тоннаға дейін жетеді.

Чили билігі сүтқоректілердің жапай қырылуына қатысты тергеу жұмыстарын бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/973415-chilide-ush-zhuzden-astam-kit-zhaghalaugha-sh.html