RU

Нұрсұлтан Назарбаев туралы 12 қызықты дерек

Қазақстан Тұңғыш президенті күнінде Ақорданың баспасөз қызметі Facebook-тегі ресми парақшасында Нұрсұлтан Назарбаев туралы 12 қызықты деректі жариялады.

1. Дүниеге келгендегі салмағы 5 келіні құрады;

2. Атын әжесі (әкесінің анасы) қойды. Ол Құрандағы екі есімді біріктірді;

3. Бала кезінде ұшқыш болуды армандаған;

4. 3 жыл қатарынан орыс тілінде білім алатын сыныпта оқыды;

5. Жасөспірім кезінде гармоникаға ақша жинау үшін көрші үйінде кірпіш құйған;

6. Мектеп аттестатында бір ғана төрт болған;

7. Мектепті тәмамдаған соң химик болуды жоспарлаған;

8. Днепродзержинсктегі оқуы кезінде күрес бойынша Украинаның спорт шебері атанды;

9. 22 жасында алғаш рет шетелге шықты. Бұл Финляндия елі болды;

10. Ата-анасы Түрксіб құрылысына қатысты;

11. Әкесі балқар тілін жақсы меңгерген;

12. Нағашы атасы молда болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/973432-nursultan-nazarbaev-turaly-12-qyzyqty-d.html