RU

Түркиядан Қазақстанға тауар әкеле жатқан 70-тен астам жүк көлігі Ресей шекарасынан әлі өте алмай тұр

Астана телернасының сұрағына жауап берген «Атамекен» палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов елімізге Ресей арқылы транзитпен келетін жүктердің әлі де Ресей мен Грузия шекарасында тоқтап тұрғанын айтты.

"Түркия тауарларын Қазақстанға өткізудің баламалы жолы табылмаса, отандық кәсіпкерлер үлкен шығынға батуы мүмкін", - дейді Мырзахметов.

Оның мәліметінше, Қазақстанға өтуі тиіс болған 78 көлік шекарада тұр. Баламалы бағыт ретінде жүктерді Грузия мен Әзірбайжан арқылы, Каспий теңізі портымен алып өту мәселесі қаралып жатыр. Бірақ  бұл тасымалдың құны қымбатқа түсіп тұрған көрінеді.

"Грузия мен Әзірбайжан арқылы, яғни Ресейден басқа территория арқылы өту туралы маршрутын министрлікпен келісіп, кәсіпкерлерге айтып бердік. Сондықтан кәсіпкерлерге көмектесуге дайынбыз. Ақтау арқылы, Баку арқылы қазір Әзірбайжан теміржолдарымен Әзірбайжан портымен де келісіп жатырмыз. Ол арадағы бағаны төмендету туралы. Сол ақысын төмендетсе, біздің кәсіпкерлерге көп шығын әкелмейді", - дейді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

Еске сала кетсек, осыған дейін Түркиядан Қазақстанға тауар әкеле жатқан ондаған жүк көлігі Ресей шекарасынан өте алмай тұрғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/973468-turkiyadan-qazaqstangha-tauar-akele-zha-2.html