RU

Ғалымдар 5-10 жылдан кейін ерлер өздері дүниеге бала әкеле алатынын айтты

Ғалымдардың пікірінше, он жылда әлемдік клиникалар алғашқы жүкті ер адам үшін қажетті қондырғылар мен технологияларды дайындап үлгереді.

Кливленд университетінің ғалымдары ерлерге әйелдердің жыныс мүшелерін көшіруге дайын екенін айтты. Бұл ерлердің жүкті болуына мүмкіндік береді, деп жазды topnews.ru.

Ғалымдар теория жүзінде бұл мүмкін іс дейді. Әйелдердің жыныс мүшелерін көшіру жеткіліксіз, сондықтан ерлер түрлі  гормондық дәрілер мен дәрумендерді пайдалануы тиіс.

Алайда Кливленд ғалымдарымен әріптестерінің барлығы келіскен жоқ. Кей ғалымдардың ойынша, ер адамның сәбиді дүниеге әкелуі үшін жатырға қан апаратын тамырды көшіру қажет. Қазір бұл мүмкін емес. Бұл ғылыми жоба 5-10 жылдан кейін аяқталады деп көзделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/973525-ghalymdar-5-10-zhyldan-keyin-erler-ozderi-d.html