RU

Атақты Зиданның ұлы қарсыласын баспен ұрып сұлатты

Франция құрамасының экс-капитаны Зинедин Зиданның ұлы Лука «Реал» мен «Атлетиконың» 17 жастан жоғары ойыншылары арасында өткен матч кезінде ол қарсыласын баспен қойып қалған, деп хабарлайды The Daily Mirror.

Кездесу барысында «Реалдың» қақпашысы Лука Зидан «Атлетиконың» шабуылшысымен сөзге келіп қалған. Оның қарсыласты баспен ұру сәті бейнекамераға түспеген. Бірақ мұны байқаған қырағы судья кіші Зиданға қызыл қағаз көрсетті.

Естеріңізге сала кетсек, 2006 жылғы әлем чемпионатының финалында Луканың әкесі де осындай соққысымен көзге түскен еді. Ол кездесудегі қосымша берілген уақытта Италия құрамасының қорғаушысы Марко Матераццимен кикілжіңге жол беріп, оны кеудесінен баспен ұрып құлатты.

Ақыры сол матчта Зидан қызыл қағаз алып, ойыннан шеттетілді. Зинедин Зидан 2014 жылдан бастап, «Реалдың» резерв командасының жаттықтырушысы қызметін атқарады деп жазады 24.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/973543-ataqty-zidannynh-uly-qarsylasyn-baspe.html