RU

Рамзан Қадыровтың 8 жасар ұлы сыйлыққа 180 мың долларлық авто алды (фото)

Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыров туған күнінде керемет сыйлық алды - Mercedes-Benz SLS AMG неміс спорт көлігі.

Кемінде 180 мың доллар тұратын көліктің фотосын өз Instagram парақшасында Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Адам Делимханов жария еткен.

Рамзан Қадыровтың ұлының туысқан ағасы болып келетін Делимханов осындай жомарт сыйлық жасаған. Көліктің мемлекеттік нөмірі де арнайы жасалған: КАР (Кадыров Адам Рамзанұлы) және ұлдың жасын байқататын 008 саны.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/973659-ramzan-kadyrovtynh-8-zhasar-uly-syylyqqa-1.html