RU

21 жастағы тараздық жігіт ғаламтор жұлдызына айналды (видео)

Тараздық 21 жастағы ерекше дауыс иесі Дәулет Болатов ғаламторда күннен күнге танымал болып барады. Талантымен топ жарып жүрген азаматты сүйіп тыңдайтын да адамдар аз емес, деп жазады NUR.KZ  ZTB.kz-ке сілтеме жасап.

Дәулет Болатов осы жылдың ақпан айынан бастап, ұстазы Қайрат Нұртаспен бірге Қазақстанның барлық қалаларын аралап концерттік тур жасаған. Қазіргі таңда атақты әншімен бірлесіп шығармашылықпен айналысуда.

"Өнерге деген әуестігім 2011-ші жылы ашылып, Қазақстан эстрадасындағы және дүние жүзіне хит болып жатқан әндерді гитарада ойнап, яғни сover қылып айтып, Youtube желісіне сала бастадым. Қазір видоеларым Youtube-те 3 млн-нан аса көрсетілімге ие болды", - дейді Дәулет.

Жас әнші 2011 жылы ресейлік "Жұлдыздар фабрикасы" жобасына қатысып, әйгілі Boney-M, Батырxан Шукенов, Валерий Меладзе, Алексей Чумаков, Александр Панайотов, Доминик Джокер секілді әртістермен бірге ән шырқап, ақтық мәреге жетіп, жүлдегер атанды.

Дәулет 2012 жылы Баян Есентаеваның "Саз әлемі" атты жобасында "Әгугәй" атты әнімен "Жылдың үздік әні" номинациясын жеңіп алған.

"Осы жобаларда қобалжу, күйзеліс сияқты қиын және ауыр сәттерді бастан өткеріп, xалықтың ыстық ықыласына бөленгеніме Аллама мың да бір шүкір деймін! Қазіргі таңда жаңа әндер жазу үстіндемін, сонымен қатар, Қайрат ағамен де әндер жаздырудамыз, алдағы уақытта бейнебаян түсіріп, концерттер кою жоспарда бар!" - дейді Дәулет әңгіме барысында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/973686-21-zhastaghy-tarazdyq-zhigit-ghalamtor-zhuld.html