RU

Әйелдер арасындағы ЕУРО-2017 іріктеу кезеңіндегі матч алдында Қазақстан әнұраны ойналмады

Уэльс футбол қауымдастығы (FAW) әйелдер арасындағы ЕУРО-2017 іріктеу кезеңі матчы алдында техникалық себептерге байланысты Қазақстан әнұраны ойналмағаны үшін тәртіптік жазаға тартылады.

«Би-би-си» атап өткендей, матч алдында Уэльс гимні ғана орындалған. Ал бұл өрескел қателік.

Әзірге Уэльс футбол қауымдастығы түсінік беруден бас тартып отыр.

Еске салсақ, әйелдер арасындағы ЕУРО-2017 іріктеу кезеңіндегі матчта Қазақстан құрамасы Уэльстен 0:4 есебімен ұтылып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/973762-ayelder-arasyndaghy-euro-2017-irikteu-kez.html