RU

Америкалық компания түсін өзгерте алатын аяқ киім шығармақ (видео)

Америкалық Herscu & Goldsilver компаниясы ерекше аяқ киім түрін шығаруды қолға алмақ деп жазады 24.kz.

Кіріктірілген майысқақ түрлі-түсті экраны бар аяқ киім спорттық кеды түрінде шығарылатын болады.  ShiftWear аяқ киімінің экранын онымен үйлестірілген смартфон қосымшасы арқылы қалағаныңызша өзгерте аласыз. Бұл, тіпті анимацияланған қозғалмалы бейне болуы мүмкін. Сондай-ақ электронды қағазға қалаған суретті салып, арнайы сайтта сатуға, өзара айырбастауға болады, деп хабарлайды N+1.

Аяқ киімге кіріктірілетін экран су тисе бүлінбейді. Оның батареясы 1 ай жұмыс жасайды. Қажет болғанда, оны сымсыз құрылғы көмегімен қуаттандыруға болады. Сондай-ақ аяқтың басылу күшімен де қуаттандыра аласыз.

Қазір бұл жобаны іске асыру үшін ғаламторда ақша жинау науқаны өтуде, деп жазады newsru.com.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/973927-amerikalyq-kompaniya-tusin-ozgerte-al.html