RU

ШҚО-да трактор жыраға түсіп кетіп, екі адам қаза тапты

ШҚО-ның Тарбағатай ауданында К-700 тракторы жыраға түсіп кетті, кабинада болған екі адам ауыр жарақаттан көз жұмды, деп хабарлады YK-avto.kz.

ШҚО ІІД ақпаратына сүйенсек, апат Зайсан-Ақжар тас жолында орын алған. Асулардың бірінде жүргізуші рульді басқара алмай, жыраға түсіп кетті.

«Жол апатынан 60 жастағы жүргізуші мен 46 жастағы көмекшісі ауыр жарақат алып, жедел жәрдем келгенше, жан тапсырды», - деп хабарлады ведомство баспасөз қызметінен.

Аталмыш факті бойынша қылмыстық өндіріс басталды, оқиғаның нақты себептері анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/974033-shqo-da-traktor-zhyragha-tusip-ketip-eki.html