RU

Шымкент тұрғыны тандыр нанның ішінен тарақан, кейін шыбын тауып алды (фото)

Шымкент қаласының тұрғыны дүкеннен сатып алған нанның ішінен шыбын тауып алды. Оқиға 1 желтоқсан күні болған деп жазады NUR.KZ тілшісі.

Қаланың «Шығыс» шағынауданының тұрғыны Нұрлан Бүркінбаев «Шығыс» деп аталатын дүкеннен нан сатып алған. Үйіне келіп дастархан басына отырған отағасы тандыр нанды үзгені сол еді, ішінен шыбынды тауып алыпты.

Дереу дүкенге келіп, шағымын айтқан. Ал сатушы болса нанды жеткізіп берушіге ескертетінін жеткізген. Бұдан соң тұрғын нан пісіретін наубайханаға арнайы өзі барды. Бірақ, ондағылар ол дүкенге басқа наубайхана нан жеткізіп беретінін айтып, ат-тонын ала қашқан.

Тұрғынның айтуы бойынша, ол бұған дейін де мұндай жағдайды басынан өткерген екен.

«Осымен үшінші рет. Өткен жолы тарақан шықты нанның ішінен. Ол кезде үндемедім. Оған дейін тышқанның құйрығын тауып алғанбыз», - дейді ашынған тұрғын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/974378-shymkent-turghyny-tandyr-nannynh-ishinen.html