RU

Мырзатай Жолдасбеков Назарбаевты Алланың қазаққа берген сыйы деп атады

Мырзатай Жолдасбекұлы Астанада «Нұрорда» мектеп-лицейінде өткен кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевтың президент болмай тұрған кездегі әсерлі әңгімелері мен қызықты сәттерімен бөлісті. Шара Тұңғыш президент күніне орай өтті.

Сондай-ақ, елбасының кейбір қиын сәттегі шешімдерінің қалай қабылдайтынын, басшылыққа қалай келгенін және бүгінгі жолдауында айтылған бірқатар тұстарына тоқталып өтті.

«Менің "Кемеңгер" деген мақалам Тәуелсіздік мерекесінен бір күн бұрын шықты. Мен онда бәрін жазып едім. Таңертең Иманғали Тасмағанбетов қоңырау шалып, «Аға, құтты болсын. Мақалаңыз шығыпты. Керемет жазыпсыз» - деді. Артынша Нұрекеңнің өзі хабарласты. «Мырзеке сен Тәуелсіздіктің шежірешісі болдың деді».  Мен де қуандым. Президенттен мұндай бағалану деген кез-келгеннің бағына бұйыра бермейді», - деді. Ол Алланың қазаққа берген сыйы", - деп сөзін қортындылады академик.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/974435-myrzatay-zholdasbekov-nazarbaevty-al.html