RU

Жаңа Папуа-Гвинеяда тығырыққа тірелген халық саз балшықпен қоректенуде

Тынық мұхитында орналасқан ел тұрғындары шынымен тығырыққа тірелді. Қазір олар қуаңшылық пен егіннің бітік шықпауы салдарынан саз балшық пен улы саңырауқұлақты жеп, күн көруде, деп хабарлайды The Guardian.

Осының кесірінен бірнеше елді мекенде іш ауруы шығып, тырысқақ пен сүзек жайлаған. Мұнда көптеген мектеп пен медициналық мекемелерді жабуға тура келді.

Ал жергілікті дәрігер Джмми Небнидің айтуынша, қолайсыз ауа райынан жануарлар қырылып, осыны біле тұра жеген халық шетінен ауруханаға түсуде. Елдегі бұлақ көздері кеуіп қалған. Ал тұщы сулы өзендер елді мекендерден өте алыста орналасқан. Оған жеткеннің өзінде, өзенге адамы да, малы да түсіп, су ішіп, кір жуып, өмірлеріне қауіп төндіруде екен.

Қоғамдық белсенді Салли Лойдтың айтуынша, бүгінде жергілікті халық құс пен аң шұқып кеткен саз балшықты жеп, күн көруге көшкен. Осыған байланысты халықаралық сарапшылар қалыптасқан ахуал жұрттың бұл елден үдере көшуіне себеп болуы мүмкін екенін айтты.

Олардың мәлімдеуінше, ел үкіметі мұнша зор мәселені шешу үшін ешбір күш жұмсап отырған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/974807-zhanha-papua-gvineyada-tyghyryqqa-tirelg.html