RU
Қазақстандық миллиардер Машкевичтің 150 млн еуро тұратын яхтасы БАҚ назарына ілікті

Қазақстандық миллиардер Машкевичтің 150 млн еуро тұратын яхтасы БАҚ назарына ілікті

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық миллиардер, Қырғызстан тумасы Александр Машкевичке тиесілі, жақында ғана құрылысы аяқталған Леди Лара мегаяхтасы үлкендігі жағынан әлем бойынша 51 орында тұр және оның құны 150 млн еуро деп жазады Daily Mail.

Бұл туралы ca-news.org-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

2015 жылдың шілдесінде яхта алғашқы рейсін жасау үшін Голландия мен Ұлыбританияға аттанды.

Леди Лараны Ларсен Яхтс (Lürssen Yachts ) компаниясы салған. Бортында VIP-үй-жайлары, үлкен жасанды жағажай, жаттығу залы, джакузи, бассейн, тіпті тікұшақ алаңы да бар. Яхта Машкевичтің әйелі Лариса Васильевна Машкевичтің құрметіне қойылған деп болжануда.

Александр Машкевич - тағы бір Lady Lara яхтасының қожайыны. Оның құны - $35 млн.

Александр Машкевич Eurasian Natural Resouroes Corporation тау-металлургия империясын иелік етеді. Өндіріс негізінен Қазақстанда жұмыс жасайды.

Сіздің реакцияңыз
42
21
1
2
0
14
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel