RU

Бекболат Тілеухан қызды болды (фото)

Дәстүрлі өнер өкілі, саясаткер Бекболат Тілеуxан қызды болды. Мұндай қуанышты хабарды журналист Дана Бектұрған Instagram парақшасында жанкүйерлермен бөлісті.

"Ағамыздың үйінде қуаныш. Аллаxым сәбиіңізге екі дүние бақытын нәсіп етсін. Қандай күшті. Баршаңыздың үйлеріңізде осындай қуаныш болсын", - деп жазады журналист Дана Бектұрған.

Қалың қауым Бекболат Тілеуханды әнші, жыршы, бір кездері саясаттың сойылын соққан саясаткер ретінде таныса, енді ол ұлттық спорттың жанашыры ретінде қоғам назарын аудартып жүр.

Бүгінде белді қайраткер Қазақстанның Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы президенті қызметін атқарады.

Естеріңізге сала кетейік, Бекболат Тілеухан - бірнеше әйелі бар танымал тұлға. Ол отбасылық жағдайын жұртшылықтан жасырмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/974830-belgili-qogham-qayratkeri-bekbolat-ti.html