RU

Майк Тайсон өзінің балауыздан жасалған көшірмесімен кездесті

Әлемге әйгілі боксер Майк Тайсон Мадам Тюссо музейіндегі балауыздан жасалған өзінің көшірмесімен кездесті деп жазады Кorrespondent.net ақпараттық агенттігі.

Атақты боксердің көшірмесі «The Hangover» фильміндегі рөліне негізделіп жасалған. Оның ашылу салтанатына Майк Тайсон отбасымен қатысқан.

Аталған көшірмені айнытпай жасап шығару үшін мамандар мыңдаған өлшеу жүргізіп, жарты жылдан астам уақыт жұмсаған. Оның суреттері мен бейнематериалдарына қарап, көзінің түсіне дейін айнытпай жасауға тырысыпты.

Жиынға қатысқан спортшының өзі де мұндай ұқсастықты күтпегенін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/975004-mayk-tayson-ozininh-balauyzdan-zhasalgh.html