RU

Алакөлдің жағалауында екі бес жұлдызды қонақ үй салынбақшы

Алакөл жағалауында екі үлкен бес жұлдызды қоанқ үй салынатын болады. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты.

«Қазіргі таңда Алакөлдің жағалауында ірі инвесторлар екі бес жұлдызды қонақүй - «AQUAMARINE resort» и «Falcon Petroleum» салуды бастады. Демалыс орындарына 93,8 км электрмен жабдықтау желілері жүргізіліп, автомобиль жолдары жөнделуде. Сондай-ақ, «Достық» станциясына дейін темір жол қатынасы ашылды. Болашақта Үшаралда әуежай ашу жоспарда бар», - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, оның айтуынша, жасалған жұмыстардың нәтижесінде осы жылы Алакөл және Балқаш көлдеріндегі демалушылардың саны 1,4 есеге, яғни, 138 мың адамға дейін өскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/975078-alakoldinh-zhaghaluynda-eki-bes-zhuldyzd.html