RU

Үрейлі дыбыс шығаратын зәулім үй тұрғындардың зәресін ұшырды (видео)

Әлеуметтік желі пайдаланушылары Манчестерде салынған 47 қабатты Битхам зәулім үйінің үрейлі дыбыстар шығарған видеосын жарыса таратуда.

29 қараша күні YouTube-те жарияланған видео 1 млн-нан астам рет қаралып үлгерген. Оған пікір қалдырушылар шуылдың жел тұрған сайын пайда болатынын жазуда.

Кейбірі мұны архитекторлардың жіберген қателігінен деп пайымдап отыр.

Күндіз-түні үрейлі дыбыстар шығаратын ғимарат тұрғындардың әбден мазасын қашырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/975278-andetkish-zenhgir-uy-manchester-turghynd.html