RU

Он сегізінде отау құрған қазақстандық танымал тұлғалар (фото)

Көпшілік жас  әрі көрікті танымал тұлғалардың отбасылық өмірден бұрын өнерде шығармашылық шыңға жетуді мақсат тұтатынын жақсы біледі. Алайда, қазақстандық танымал тұлғалардың ішінде он сегізінде отау құрып, шаңырақ иесі атанған жұлдыздар да аз емес.

NUR.KZ Pandaland.kz-ке сілтеме жасап, кәмелет жасына тола салысымен, некесін қиған отандық жұлдыздарды назарларыңызға ұсынады.

Нұрәлі Әлиев және Аида Имашева

Отбасын құрған жасы: 18 жас

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірнеше жыл бұрын айтқан "Сүйесің бе?" - "Сүйем". - "Әке-шешең қарсы ма?" - "Қарсы". "Жігіт емессің бе?" - "Жігітпін". "Бар да, үйлен. Ешкімнен сұрама" деген сөздері немересі Нұрәлі Әлиевке айтылған еді.

Кейіннен белгілі болғандай, мектепті жаңадан бітірген Нұрәлі үйленуге бел буғанда, ата-анасы бұған қарсы болған екен. Бірақ нағашы атасы мәселенің шешімін тауып, жастардың тойы дүркіреп өткен. Бүгінде Нұрәлі Әлиев 30 жаста және төрт баланың әкесі.

Айнұр Төлеуова және жолдасы Мұхамед

Отбасын құрған жасы: 18 жас

2011 жылғы "Қазақстан аруы"  Айнұр Төлеуованың сұлулығына сұлулық сайысынан кейін тамсанбаған жан жоқ. Көрікті бойжеткен "Әлем аруы" байқауына қатысқан соң, модельдік мансабын жалғастырмай, шаңырақ көтеруді жөн санады. 2014 жылдың қыркүйек айында тұрмыс құрған Айнұр Төлеуова қазір жас ана атанып отыр.

Серік Сәпиев және Мөлдір Сәпиева

Отбасын құрған жасы: 21

Серік Сәпиев 29 жасында ғана олимпиада чемпионы атағына қол жеткізді. Жеңіске жету жолында оған жұбайы Мөлдір үнемі қолдау көрсетіп отырған. Сәпиевті ақпарат көздері Қазақстанның ең тартымды жігіті деп танығанда да, әйелі бұған сыр бермей, өзгелердің тек сырттан бақылап, қызғанышпен қарайтынын айтқан. Қазір танымал жұптың үш қызы бар.

Рахат Тұрлыханов және Жәмилә Әбілова

Отбасын құрған жасы: 19 жас

2000 жылы жұлдызы жанып, қазақстандық бойжеткендердің арманына айналған Рахат Тұрлыханов отандық шоу-бизнестің шыңын бағындырған болатын. Кейіннен әнші дипломатиялық мансабын қолға алып, мемлекеттік қызмет атқара бастады. Рахат Тұрлыханов 19 жасында әнші Болат Әбіловтың қызы Жәмилә Әбіловаға үйленген болатын. Бүгінде жұлдызды жұптың екі баласы бар.

Қайрат Нұртас және Жұлдыз Әбдікәрімова

Отбасын құрған жасы: 18 жас

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас жеке өмірі туралы ашық айтудан, қандай да бір ақпарат беруден бас тартады. Алайда, ғаламторда кеңінен таралған ескі суреттерден жанкүйерлері оның бозбала кезінде отау құрғанына куә болды. Қазір Қайрат Нұртастың үш баласы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/975392-segizinde-otau-qurghan-qazaqstandy.html