RU

Екі эстон суда жүзушісі жарыс кезінде саусақтарынан айырылып қалды

Эстонияның Тарту қаласында суға жүзу бойынша өткен Aura Open Cup турнирі барысында эстонның екі жүзгіші саусақтарынан айырылды. Бұл туралы Tartu Postimees хабарлады.

Оқиға 28 қараша күні болған. Эстония құрамасының мүшесі Сандер Пааво тұғырдан суға секіргеннен кейін бір саусағының тек ілініп тұрғанын сезінеді.

Ал осыдан бір күн бұрын Роберт Роозе есімді тағы бір спортшы тап осындай жарақат алып қалған еді. Ол суға секіргеннен соң есінен айрылып қалып, шұғыл ауруханаға жеткізіледі.

Жақын арада болған оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүреді. Алдын ала мәлімет бойынша, спортшылардың бұлайша жарақат алып қалуларына бассейн табанына төселген төсеніштегі тесіктер болуы мүмкін. Секірушілер соларға саусақтарын тығып алған деп жазады ras.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/975897-eki-eston-suda-zhuzushisi-zharys-kezinde.html