RU

Жапония әлемде ең алғашқы болып, сабынмен жууға болатын телефон шығарды

Жапониядағы Kyocera корпорациясы Digno Rafre смартфонын құрастырды. Ерекшелігі, оны сумен және қарапайым сабынмен жууға болады, деп хабарлады The Verge интернет-ресурсы.

Авторлардың сөзіне қарағанда, аталған аппаратты түрлі жағдайларда пайдалануға болады. Тіпті жуынғанда да. Компанияда хабарлағандай,  девайстың сенсорлық экраны дымқыл күйінде де жұмыс істейді. Мобильді құрылғының  корпусын сызатқа төзімді қылып жасамақ.

Гаджетті 11 желтоқсаннан бастап Жапонияда сатып алуға болады. Оны KDDI операторлары ғана сатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/976214-zhaponiya-alemde-enh-alghashqy-bolyp-sabyn.html