RU

МС Сайлаубек батырлардың сауытын киіп, қазақша ән айта бастады (видео)

Түсініксіз тілімен бір мезетте ғаламтор жұлдызына айналған МС Сайлаубек енді қазақ батырының сауыты мен дулығасын киіп, қазақ тілінде әндете бастады.

 

Айбынды батыр мен адуынды ақын Махамбет Өтемісұлының өлеңін рэп жанрында оқыған Сайлаубек жанкүйерлерді тағы бір тосын жаңалығымен таңқалдырды. "Хит-тұлғаның" бастамасын қолдай кеткендер Сайлаубекті нағыз азаматқа теңеп, қошеметтеп жатыр.

"Тамаша! Ойы - дауыл, сезімі - аспан, тек жеңіспен көзін ашқан жаугер халқымның рухын асқақтата бергің, арғымағым! Біз қолдаймыз! Тек алға!", - деп рухтанды Instagram желісіндегі жазылушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/976222-ms-saylaubek-batyrlardynh-sauytyn-kii.html