RU

Тәжікстанда жаңа туылған нәрестелерге есімді арнайы жасалған тізімнен беру міндеттелді

Тәжікстанда балалар үшін ұлттық есімдер тізімін жасады, деп хабарлады Тәжік телеграф агенттігінен (Тәжік ТА).

«Үкімет жанындағы тіл және терминология комитеті ТР ғылым академиясымен бірге тәжікше есімдердің бірыңғай тізімін жасап жатыр. Тәжік ұлтының өкілдері жаңа туылған нәрестелеріне осы есімдерді берулері керек», - деп жұма күні елдің әділет министрлігі осы ақпаратты растады.

«Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы» заңға енгізілген түетулер заңды күшіне енгізілген соң үкімет те осы есімдер тізілімін қабылдайды.

Тізімдегі есімдер саны әзірге нақтыланбайды.

Бұл ретте, Тәжікстанда мекен ететін басқа ұлт өкілдеріне нәрестелеріне ат бергенде өздерінің мәдени дәстүрлеріне сай есімдерді таңдауларына рұқсат етілді.

Еске салсақ, 30 қарашада Тәжікстаннаң төменгі палатасы Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы» заңға үкімет ұсынған түзетулерді қарастыруға кірісті

Түзетулер елде тәжік-ата-аналары тарапынан жаңа туылған нәрестелеріне есім таңдау үдерісін реттеуге бағытталған

Ол заңды парламент мақұлдап, жыл соңына дейін президент қол қояды деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/976624-tazhikstanda-zhanha-tuylghan-naresteler.html