RU

Қазақстан олимпиада комитетінің тұңғыш президенті көз жұмды

Қазақстанның олимпиада комитетінің тұңғыш президенті Тимур Досымбетов қайтыс болды деп хабарлайды ҚазТАГ.

Белгілі болғандай, Тимур Досымбетов 3 желтоқсанда Алматыда 58 жасында көз жұмған.

Тимур Досымбетов замануи бессайыстан кеңестер одағының, қазақ спортшысы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1982 ж.). Әлем чемпионы (1982), бүкіл одақтық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері. Қазақ КСР, Алма-Ата «Динамосы» үшін де өнер көсерткен.

Досымбетов Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің бірінші президенті (1990 ж), «Динамо» қазақ дене шынықтыру, спорт қоғамы төрағасының бірінші орынбасары және ҰОК бірінші вице-президенті қызметін қос атқарған, 2002 жылдың тамызында қайтадан ҰОК президенті болып тағайындалды.

Соңғы уақытқа дейін ҚР ҰОК бас хатшысы қызметін атқарып келді.

«Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/976670-qazaqstannynh-olimpiada-komitetininh.html