RU

Айгүл Иманбаева Алматыда жас балаларды оқытуға кірісті

Соңғы кездері әншілік әрі актерлік қырымен қазақстандық шоу-бизнестің жарқын өкіліне айналған Айгүл Иманбаева жеке орталық ашып, логопед және психолог мамандарының қызметін ұсынуда.

Ai-Studio деп аталатын шығармашылық және даму орталығында бұдан өзге сахна тілі және актерлік шеберлікке қатысты дәрістер, жеке вокалдық музыка сабақтары, дыбыс жазу студиясы, тілдік курстар да бар.

Орталықтың ашылу салтанатына Дулат Исабеков,  Толымбек Әлімбекұлы, Роза Рымбаева, актер Азамат Сатыбалды, Әли Оқапов, Асылхан Төлепов, Ринат Заитов, Әсет Иманғалиұлы секілді танымал тұлғалар да қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/976706-aygul-imanbaeva-khalyqqa-logoped-zhane.html