Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейді "Ұлы держава" деп есептейтіндердің қатары көбейген

Опубликовано:

Ресейді "Ұлы держава" деп атаушылардың саны жыл санап өсіп келеді. Әлеуметтік сауалнамалардың қорытындысы осыны көрсетіп отыр деп жазады oinet.kz.

«Левада-Центр» орталығының жүргізген сауалнамасына қарағанда, 2011 жылдан бергі аралықта Ресейді "Ұлы державалардың" қатарына қосатын ресейліктердің саны 47 пайыздан 65 пайызға өскен.

Ал керісінше бұлай ойламайтындардың саны 2011 жылы 46 пайыз болса, бүгінде ол 25 пайызға кеміген. Сауалнамаға қатысушылардың 10 пайызы сұраққа жауап беруге қиналатынын білдіріпті.

" Ұлы держава" деген не? Мұны ресейліктердің өздері қалай түсінеді?

Сауалнамаға қатысушылардың 64 пайызы бұл сауалға «азаматтардың бай-бақуатты тұруы» десе, 58 пайызы «мемлекеттің өнеркәсіптік және экономикалық жағынан мықты болуы», 51 пайызы «ядролық-ракеталық қарудың болуы», 25 пайызы «мәдениет, ғылым және өнердің дамуы» десе, 20 пайызы «әлемде беделді болу, өзгелердің бізді сыйлауы» деп жауап беріпті.

Респонденттердің 36 пайызы Ресейді батыс елдері сияқты дамыған мемлекеттердің қатарынан көргісі келетінін білдіріпті. Ал 23 пайызы Ресейдің Кеңес Одағы сияқты болғанын қалайды екен.

Жалпы алғанда ресейліктердің 57 пайызы өз елдерінің күшті болғанын қаласа, 52 пайызы бай, 31 пайызы бейбітшіл, 30 пайызы әділ болғанын қалайды екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/976773-reseydi-uly-derzhava-dep-esepteytinde/

pixel