Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Нұржан Керменбаев әке атанды

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнесте "Қапқарашка" аталып кеткен, қоңыр даусымен халықтың сүйкімді әншісіне айналған Нұржан Керманбаев бүгін әке атанды.

Бұл қуанышты әнші Қарақат Әбілдина бірінші болып  Instagram желісінде жариялап,  жанкүйерлерден сүйінші сұрады.  Керменбаевтың жұбайы жас әншіге ізін жалғастырар ұл сыйлады.

"Дүниеге шекесі торсықтай ұл келді! Бауы берік болсын. Көрер қуаныштарың көп болсын!", - деп тілегін білдірді Қарақат.

Жұлдызды әке ұлына Мүсілім деген есімді сыйлаған көрінеді. Тұңғышының бауы берік болуын Керменбаевтың әріптестері де жарыса жазып, құттықтауларын жолдауда.

Естеріңізге сала кетейік, Нұржан Керменбаев өткен жылы отау құрып, тараздық арумен шаңырақ көтерген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/976813-anshi-nurzhan-kermenbaev-ake-atandy/

pixel