RU

ОҚО-да әкесі 1 жыл бойы зорлап келген қыз баланы дәрігерлер асылмақ болған жерінен құтқарып қалды

ОҚО-да жантүршігерлік оқиға болды. Дәрігерлер әкесі 1 жыл бойы зорлап келген қыз баланы асылмақ болған жерінен құтқарып қалған.

Бұл туралы "АктобеТаймсқа" сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

ОҚО-ның қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты педофил-әкені 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Сарыағаш ауданындағы шағын ауылдардың бірінде 10 жасар туған қызын әйелі жоқ уақытта бір жыл бойы зорлап келген ер кісі ақыры жеткіншекті өлімге итермелеген.

Анасы ұлды болғанға дейін қыз бала әкесінің барлық жәбіріне көніп келген. Кейін анасы босанып, декреттік демалысқа шыққан. Күн ұзаққа үйде отыра бастаған әйелінің көзінше әкесі қызына тиісе алмаған.

Екі жыл декрет уақыты өткенге дейін қыз бала тыныштықта өмір сүріп, есейіп қалады. Әкесінің өзімен не істеп жүргенін уақыт өте келе түсінген жеткіншек күйзеліске ұшырайды.

Анасы жұмысқа шыққаннан кейін ішіп алған әкесі бұрынғы айуандықтарын қайталауға әрекеттенеді. Жеткіншек шу шығарып, әкесінен қашып құтылады. Көп ұзамай жақындары қыз баланы шалажансар күйде арқанға асылған жерінен алып шығады. Жеткіншекті дәрігерлер аман алып қалған.

Бірінші болып қыз баланың жағдайына мектеп психологы алаңдаушылық танытады. Ол жеткіншекті сабақтан кейін қалдырып, ашық әңгімеге тартқан. Соңғы жайттар әбден жанына батқан жеткіншек жылап отырып, бар шындықты жайып салған. Полицейлер бірден шағым бойынша педофил-әкені қамауға алды.

ОҚО сотының төрешісі осыған ұқсас 6 жайттың ісін соңғы екі айда қарастырып үлгергенін алға тартты. Олардың дені Сарыағаш ауданында орын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/976942-oqo-da-akesi-1-zhyl-boyy-zorlap-kelgen-qy.html