RU

Шымкентте оқушылар қаланы аралап жүру үшін бөтеннің көлігін айдап әкеткен

Шымкентте 2001 жылы туылған екі жеткіншек көлікті айдап әкетті деген күдік бар деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметінен.

Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне «Отырар» шағын ауданының 26 жастағы тұрғыны көлігін айдап әкеткені туралы хабарлады. Ол белгісіз біреулер оның «Опель-вектра» көлігін ауладан айдап әкеткенін айтты.

Полицейлер күдіктілерді ұстады. Оқушылар көлікті қаланы аралап жүру үшін айдап әкеткен.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 200 бабына сәйкес, сот алдындағы тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айғақ зат ретінде көлік тәркіленді, жеткіншектер ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/977367-shymkentte-oqushylar-qalany-aralap-zhur.html