RU

Шетелдік БАҚ: Ресей мен АҚШ арасында соғыс тұтанып кетуі мүмкін

Ресей мен АҚШ арасындағы ерегіс пен текетірес біртіндеп өршіп, «қырғи-қабақ соғыс» уақытындағы деңгейге жақындап келеді. Бұл туралы шетелдік Politico басылымы жазды деп хабарлайды ras.kz.

Америка саясаттанушысы Брюс Блэр осы журналда жариялаған мақаласында: «Ресей мен НАТО Украина мен Сириядағы жанжалдар қапталында айтарлықтай көтеріліп кеткен бір-біріне деген сенбеушіліктің салдарынан соғыстың қарсаңында тұр, ал АҚШ пен Ресей «қырғи-қабақ соғыс» атмосферасына қайта келді», – деп атап көрсетті.

Блэр бұдан әрі екі күшті державаның қазір жоғары жауынгерлік дайындық жағдайындағы өздерінің стратегиялық жағынан қарулану запастарын көтере түсуге мұқият мән беріп отырғанын жазады.

Автордың пайымынша, бұл жағдай АҚШ пен КСРО ядролық қаруды дабыл бойынша іске қосу мүмкіндігіне жеткен, бірі екіншісінің ядролық қаруларының жойып жіберіп алатындай шамаға жеткен  жылдардан бері сақталып келе жатыр.

Блэрдің пікірінше, бұл – өте бір тәуекелшіл тактика. Ол кез-келген жалған дабылдың ықпалымен іске қосылып кетуі мүмкін. Қазір соның ең бір ширыққан кезіне келіп тұрмыз.

«Егер Ресей мен Құрама Штаттар тағы да «қырғи-қабақ соғыс» кезіндегідей ядролық текетірес жағдайына баратын болса, тетікті қате басып қалуға деген тәуекел бұрынғы уақыттағыдан да жоғары болады», – деп жазады Блэр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/977546-sheteldik-baq-resey-men-aqsh-arasynda.html