RU

Астанада алтын унитаздар сататын дүкен ашылды (фото)

Астананың құрылыс дүкендерінің бірінде элиталық сантехника дүкені ашылды. Онда алтын унитаздар сатылуда. Бөлім басшысының айтуынша, дағдарысқа қарамастан, оның тауарларына сұраныс өте жоғары.

Бұл туралы "Экспресс К-ға" сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Элиталық бутик "СтройМарт" сауда үйінде ашылған. Ол жердегі бір унитаздың құны - 266 мың теңге. Унитаз 24 караттық алтынмен шапталған.

Дағдарысқа қарамастан, унитазға деген сұраныс өте жоғары екен. Сол себепті бутик қожайыны (қытайлық азамат) алтын ванналарды да әкеліп қойған. Оның бағасы – 555 мың теңге. Ол алтын пластиналардан құралған сұйық мәрмәрден жасалған. Одан бөлек дүкенде күміс, фарфордан жасалған әжетхана жабдықтары сатылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/977576-astanada-altyn-unitazdar-satatyn-duk.html