Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәдина Сәдуақасованың омырауы ашық көйлегі жанкүйерлердің сынына ұшырады (фото)

Опубликовано:

Қазақ эстрадасының сұлу әншілерінің бірі саналатын Мәдина Сәдуақасованың соңғы көйлегі жанкүйерлердің наразылығын тудырды. Омырауын ашып киінген әншіні тыңдармандар әлеуметтік желіде сынның астына алды.

Соңғы кездері Мәдина Сәдуақасова стилін өзгертуде жаңашылдыққа бет бұрып, тың образдарымен көрермендерді таңқалдыруда.

Әйтсе де, әртістің жаңа шаш үлгісі тағы да көптің көңілінен шықпай қалды. Жанкүйерлер оны ресейлік әнші Валерий Леонтьевке теңеді.

Сәдуақасова жаңа келбеті өзіне қатты ұнайтынын айтып, стилистіне "супер бұйра" шашы үшін алғысын білдірді.

Көрермендерін ерекше образдарымен таңқалдырудан жалықпайтын Мәдина ерекше киімдерімен көзге түсіп жүреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/978042-madina-saduaqasovanynh-omyrauy-ashyq-k/

pixel