RU

Көңілсіз жануарлар ғаламтор жұлдыздарына айналды

Эрл атымен танымал ит қашан да бұртиған түрімен көзге түсіп, желіде жұлдызға айналған. Ол сияқты түрі ерекше көңілсіз өзге жануарлар да баршылық.

Бұл туралы moya-planeta.ru-ға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

«Ол бірінші күннен бастап бұртиған күйде. Мал дәрігері оның өзге жануарлар секілді дені сау екенін айтты. Ол жай ғана әжімдері мен денесінің қара болуынан бұртиған сияқты болып көрінеді», — дейді қожайыны.

Көңіл күйсіз Локи, Луху мысықтары және "Мұз дәуіріндегі" ленивецтен аумайтын Заппа иті өздерінің ерекше түрлеріне бола атақты жұлдызға айналған. Алайда, бұл атақ оларға денсаулығындағы ақаудың салдарынан келген.

Мәселен, Заппа қартайып, барлық дерлік тісінен айырылған, ал Луху кішкентай кезінен күрделі көз індетінен зардап шеккен. Эрл болса, тістері түзу болмағандықтан осындай күйде. Соған қарамастан, жануарлар өз үйі мен көптеген жанкүйерлерін тауып үлгерген.

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/978206-burtighan-zhanuarlar-zhelide-zhuldyzgha.html