RU

Қазақша еркін сөйлейтін Александр Зайчиков жанкүйерлерін таң қалдырды

Ауыр атлетикадан Хьюстонда өткен әлем чемпионатында алтын жүлде жеңіп алған қызылордалық Александр Зайчиков жанкүйерлерін қазақша сөйлеп қуантты.

Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қабылдауында болған ол өзінің спортқа қалай келгенін баяндап, қазақ тілінде еркін сөйлей алатынын паш еткен.

Желіде Зайчиковтің қазақ тіліне деген құрметіне ризашылық білдіріп жатқандар көп.

Ал спортшының Instagram-дағы жеке парақшасына пікір қалдырушылар Зайчиковтің әйелі қазақ екенін айтуда.

Еске сала кетейік, Александр Зайчиков 105 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/978478-qazaqsha-erkin-soyleytin-aleksandr-za.html