RU

Қызметтік көлігімен мектеп жағалап жүрген теміржолшылар әкімдіктен сөз естиміз деп қорқып отыр

Ақтөбеде жеке мақсатта пайдаланылып жүрген қызметтік көлік "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясының Ақтөбедегі филиалына тиесілі болып шықты. Компания əкімдіктің үш бірдей нөмірін пайдаланып жүр.

Ақтөбе қаласында күнде таңертең жеке мектепке бала таситын əкімдікке тиесілі  "Лексус" маркалы көлік туралы NUR.KZ сайтында осыған дейін жарияланған болатын.

Оны алдымен жергілікті  тұрғындар көріп, "жеке мақсатта пайлаланылып жүрген қызметтік көліктің əрекеті қаншалықты орынды?" деп шу көтерді.

Бүгінгі күні мектеп жағалайтын қызметтік көліктің теміржолшыларға тиесілі екені белгілі болды. Компания басшылары енді жүргізушілерді тəртіпке саламыз деп отыр.

"Желідегі  көлік біздікі. Оны жеке мақсатта пайдалануға рұқсат етілмеген. Осыған дейін де іштегі жүргізушілер "Лексус" жургізушісінің өз шаруаларымен жүретінін айтты.Енді ол мектепке қарай аяғын аттап баспайтын болады. Өзім қадағалаймын, барса жаяу барсын", - дейді Ақтөбедегі "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы шаруашылық секторының басшысы Самат Ұлмағанбетов.

"Кінə жүргізушіден" деген басшы қызметтік тəртіпті қолға алғалы отыр.

"Біз əкімшіліктен үш машинаға нөмір алдық. Ертең оларға кір келетін болды. Жүргізушілерге енді солай жүретін болса, қызметтен кетесіңдер деп ескертем. Ертең мұны əкімшіліктегілер естісе, бізді шашып тастайды", - дейді сектор басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/978505-qyzmettik-koligimen-mektep-zhaghalap-zh.html