RU

2015 жылы Instagram-да ең көп қаралған суреттер

Instagram әлеуметтік желісінің басшылығы 2015 жылғы ең танымал суреттер, қалалар, көрікті жерлер және ең танымал хэштег туралы баяндап берді.

Бұл туралы Comode.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Осы жылы ең танымал сурет ретінде таңдалған  Кендалл Дженнердің суреті жазылушылар арасында 3,2 миллион лайк жинаған.

Екінші орынды Тейлор Свифтің Канье Уэсттен алған ақ раушан гүлдерімен түскен фотосы иеленді.

Үшінші орынға да Тейлор Свифтің бейнесі жайғасты. Бірақ, бұл жолы ол бұрынғы жігіті Кэлвин Харриспен бірге түскен суретін жариялаған.

Төртінші орынға Кайли Дженнердің мектеп бітіру аттестатын алған суреті шықты.

Бесінші орында Бейонсенің қызы Блю Айвимен түскен суреті тұр.

2015 жылғы ең танымал аккаунт тағы да Тейлор Свифтке тиесілі. Оған 39 миллионнан астам адам жазылған. Екінші орында Селена Гомес – әншінің 33 миллионнан астам жазылушысы бар.

Әлеуметтік желіде Ким Кардашьян мен Ариана Гранденің 31 миллион жанкүйері бар, ал әнші Бейонсенің жаңалықтарын 30 миллионнан астам тыңдармандар қадағалап отырады.

Биыл Instagram желісінің жазылушылар саны 400 миллионнан асқан, әртістердің арасында Адель, кіші Роберт Дауни, Мелисса МакКарти, Селин Дион және Джулианна Мур сынды шетелдік жұлдыздар жеке парақшасын 2015 жылы ғана ашқан.

Instagram микроблогындағы ең танымал қалалар Нью-Йорк және Париж бен Лондон болып есептеледі.

Төртінші орынға Мәскеу, бесінші орынға Лос-Анджелес шықты. Ең танымал көрікті жерлер ретінде Эйфель мұнарасы, Лувр, Қызыл алаң, Сиам-Парагон және Ибирапуэр саябағы танылды.

2015 жылдың ең танымал хэштегі – #love, эмодзилердің ішінде «жүрек»  белгісі алдыңғы орынға шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/978512-instagram-aleumettik-zhelisi-2015-zhyldynh-qorytynd.html