RU

Астанадағы Норвегия елшілігі жұмысын тоқтататын болды

2016 жылы Норвегия Астанадағы елшілігін жабады.

Бұл туралы Норвегия үкіметінің ресми сайтындағы хабарламаға сілтеме жасап ҚазТАГ хабарлайды.

«Келесі жылы сыртқы істер министрлігі Норвегияның шетелдегі дипломатиялық миссияларының жұмысына бірқатар өзгерістер енгізеді. Аcтанадағы (Қазақстан), Софиядағы (Болгария), Лусакадағы (Замбия) және Харардағы (Зимбабве) елшіліктер жабылады. Гаити мен Оңтүстік Үндістандағы дипломатиялық миссиялар күшейтіледі», - делінген хабарда.

Бұл ретте елшіліктер жабылатын елдермен байланыс «басқа арналар арқылы жүзеге асырылатыны» айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/978554-astanadaghy-norvegiya-elshiligi-zhumysy.html