RU

Түркиядағы жезөкшелер Путиннен көмек сұрауда

Жақында Украина Радасының депутаты Олег Ляшко Түркия аймағында тәнін саудалап жүрген мыңдаған Ресей азаматшаларының ресми биліктен көмек сұрағанын айтады. Бұл туралы joinfo.ua сайтына сілтеме жасап abai.kz жазған.

Аталмыш сайттың ақпараттарына сүйенсек, мыңдаған орыс жезөкшелері әлеуметтік желілер арқылы өздерін Түркия құлдығынан құтқаруды сұраған. Қазіргі таңда 1 миллионнан астам Ресей азаматшасы «түрлі қызмет көрсету» салалары бойынша өзге мемлекеттерде еңбек мигранттары есебінде тіркелген.

Ал «Ресей азаматтарының Түркиядағы қызмет көрсету саласы» профсоюзының (бұл интимдік қызмет түрлері ұйымының ресми атауы) «Наташалары» Түркия мен Ресей арасындағы жанжалдардың ушығып кетуіне байланысты, жаппай өз елдеріне қайтуға бел байлаған. Алайда, Түркия аймағында жезөкшелік және өзге де жекелеген қызмет түрлерімен айналысатын сылқымдарды Ресейдің қайтарып алуға құлқы жоқ секілді.

Украиналық депутат Олег Ляшконың айтуынша, Түркиядағы жезөкшелікпен айналысатын «Наташалар» (Түркияда ресейлік жезөкшелерді осылай атайды) Ресей-Түркия жанжалдарынан кейін, түрік азаматтарына интимдік қызмет көрсетуден бас тартып, наразылық ұйымдастырған.

Алайда, түрік жерінде тән саудасымен айналысатын Ресей азаматшаларының наразылығына назар аударған ресми мекемелер жоқ көрінеді. Өздерін секс-құлдықтың құрбаны деп есептейтін сылқымдардың қайтарға ақшалары жоқ екен. Сондықтан, әлгі «Наташалар» әлеуметтік желі арқылы ресейліктерден көмек сұраған.

«Қымбатты біздің отандастар! Сіздерден көмек сұрап отырған «түрлі қызмет түрлерін көрсету бойынша ресми емес ұйымның басшысы Карина Сысоева. Біздің ұйымда Анталия, Ыстамбұл мен Анкарадағы 5000-нан астам даяршылар мен бишілер тіркелген. Екі ел арасындағы қазіргі жағдайларға байланысты біз патриоттық сеніммен, Түркия территориясында қызмет көрсетуден бас тартып отырмыз. Біз өз отанымызға қайтуға дайынбыз. Біздің Ресейге қайтқымыз келеді. Бірақ, бізге өз қарамағымыздағы 5 мыңнан астам қызды елге қайтаруға ұшақ билеттері үшін 17,5 миллион рубль мен қыздардың қарыздары үшін 15 миллион рубль қаржы керек. Ал бізде мұндай сома жоқ. Сондықтан ресейлік кәсіпкерлер мен шенеуніктерден көмек сұрап отырмыз. Бізді құтқарыңыздар. Біз Түркия жерінде құлдықта қалғымыз келмейді. Біздің осы үндеуімізді естиді деп үміттенеміз», - деп мәлімдеген.

Түркия-Ресей арасындағы жанжалдар күн өткен сайын ушыққан үстіне ушығып келеді. Қоғамның басқа саласында талас-тартыс өршіді. Енді жыныстық сауда бизнесі өкілдері де атып құлатқан СУ-24 ұшағы үшін түріктерге сатылмаймыз деп наразылық көрсетіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/978665-zhezoksheler-putinnen-komek-surauda.html