RU

AllDavay тобының белгілі әншісі мүшеқап жарнамалап суретке түсті (фото)

Alldavay тобының солисі Шоқан Маратұлының жыныстық қатынас кезінде мезгілсіз жүктіліктің алдын алатын контрацептивті заттарды жарнамалайтын суреті халықтың назарына ілікті.

Өзі үйленбеген болса да, қыз бен жігіттің төсек қатынасы кезінде пайдаланар контрацептивті заттарын насихаттап жүрген әншінің бұл қылығы көңілге сансыз сұрақтар ұялатады.

Жастарды салауатты өмір салтына шақырған әртіс қыз-жігіттерді мезгілсіз жүктіліктен аулақ болуға үгіттеген сыңайлы. Одан бөлек, спортқа жақын әнші желідегі парақшасына шыныққан денесін жалаңаштап түскен суреттерін де жиі жариялайды.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/978827-alldavay-tobynynh-solisi-shoqan-maratuly-musheq.html