RU

Беларусьтегі Қазақстан елшілігінің жаңа ғимараты Минск тұрғындарын шығыстық кербездігімен таңғалдырды (фото)

Келесі жылдың қаңтарында Беларусьтегі Қазақстанның елшілігі жаңа ғимаратқа көшеді. "Көк күмбезді" елшіліктің ғимаратты беларусьтік сәулетшілер 2013 жылдан бері салып келеді. 2015 жылдың тамызында құрылыс аяқталуы тиіс болатын, алайда жұмыстар әлі де жалғасуда деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Қазақстан СІМ баспасөз қызметі елшілік ғимаратын салу инвестициялық жоба болып табылатынын және ол республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатынын алға тартты. Құрылысқа бөлінген қаржы аз емес: 3 121 566 200 теңге.

Шығыс стилінде өрнектермен безендірілген елшілік "Орловский" көшесі мен "Победители" даңғылының қиылысында «Замок» ойын-сауық орталығы мен Тәуелсіздік сарайының маңында орналасқан.

Қазақстан елшілігінің Консулдық бөлімі де осы ғимаратта орналасатын болады.

Қазіргі уақытта Консулдық бөлім Беларусьтегі Қазақстан елшілігі секілді жалға берілетін Құйбышев 12 көшесіндегі ғимаратта орналасқан.

Жобаға тапсырыс беруші - Қазақстан елшілігі. Архитектуралық жоба беларусьтік сәулетші Анатолий Цейтлиннің басшылығында «Творческая мастерская-7» тобымен жасалған. Ал құрылыс жұмыстарын «Фрелиэйсэксим» компаниясы қолға алған.

Жоба:

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/978855-belorussiyadaghy-qazaqstannynh-zhanha-el.html