RU

Қарағанды түбінде жолаушылары бар екі автобус соқтығысып қалды

Қарағанды облысындағы тас жолда орын алған жол көлік оқиғасы салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

"7 желтоқсан күні «Қарағанды —Жезқазған» тас жолында Ақтас кентінің маңайында «Шахтинск —Қарағанды» бағытында жүретін қоғамдық көлік алдын ала болжам бойынша көліктің басқаруына ие бола алмай қалып, қарсы бағытта келе жатқан сол бағытта жүретін автобустың бүйірінен соққан", — делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы кезінде ішінде 25 жолаушысы бар автобус оң жаққа аударылған. Апат салдарынан жолаушылардың бірі жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілді.

"Жол көлік оқиғасы кезінде екі автобуста 47 жолаушы болған", — деп атап өтті ведомствода.

Екі қоғамдық көліктің соқтығысу жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/978884-qaraghandy-tubinde-zholaushylary-bar-ek.html