RU

Павлодардағы әлеуметтік дүкендерде қант сату тоқтатылды

Павлодардағы әлеуметтік дүкендерде жоғары бағамен қайта сатылуын болдырмау үшін қантты сатуды тоқтатты, деп хабарлады ҚазТАГ.

Сонымен қатар, жәрмеңкеде де бір қолға қантты сатуды шектеді.

Павлодардағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде қант пен жұмыртқаға сұраныс ең жоғары болып отыр. Мұнда аталмыш өнімдерді апта сайын нарықтағы 20-30% төмен бағамен сатып алуға болады.

«Біздің «Шарбақты-Құс» фабрикасының жұмыртқалары осы сауда алаңында 195 теңгеден, тұрақтындыру қорының қанты 180 теңгеден. Апта сайын тұрақтандыру қоры осындай жәрмеңке үшін 4 тоннадай қант бөледі», – деді Павлодар облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының маманы Жанат Кенина.

Оның ақпарынша,«Шарбақты-Құс» құс фабрикасында соңғы рет 16 қарашада құс жұмыртқасы қымбаттаған. Кәсіпорындарға оларды жіберу құны сәйкесінше жоғары санаттысына он данасы – 215 теңге, іріктелгеніне – 205 теңге, 1-ші санаттысына – 195 теңге, 2-ші санаттысына – 180 теңге, 3-ші санаттасына – 130 теңге.

Бұл ретте, он жұмыртқаның бөлшек саудадағы бағасы 250-270 теңге аралығында. Ал «Шарбақты-Құс» ЖШС осы өнім бойынша облыс қажеттілігін толығымен жабады. Шығарылатын өнім көлемі қысқы кезеңде тәулігіне 200 мың дананы құрайды, жазғы кезеңде – 300 мың дананы құрайды. Дүкендерде қант 230-250 аралығындағы теңге бағасымен сатылып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/979025-pavlodardaghy-aleumettik-dukenderde.html