RU

Тәжікстанда бір тәулік ішінде төртінші рет жер сілкінді

Тәжікстанда бір тәулік ішінде төрт рет жер сілкінді. Мамандар жерасты дүмпуі Алматыда сезілмегенін мәлімдеді.

Алматы уақыты бойынша 17:47-де «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді. Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-бастысқа қарай 605 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы -11,1, магнитудасы - 5.0. Тереңдігі - 10 км.

Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/979096-tazhikstanda-bir-taulik-ishinde-tortin.html