RU

Атырауда полицейлер көпірден секіріп өлмек болған бойжеткенді құтқарып қалды

Атырауда сақшылар суға кеткен бойжеткенді құтқарып қалды деп жазады Ақжайық басылымы.

6 желтоқсанда сағат 17.10 шамасында «102» полиция пультіне Әлиев – Сатыбалдиев көпірінен бір бойжеткен секіріп кетті деген хабар келген.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарованың айтуынша, оқиға орнына учаскелік инпекторлар Қуаныш Сүйіндіков пен Нұрлыбек Кенжеғұлов жіберілді. Аталған жерге келген сақшылар Жайық өзеніне бойжеткеннің батып бара жатқанын көріп, киімдерімен суға секіріп, оны жағаға алып шықты.

Бойжеткеннің тұлғасы анықталды. Ол 23 жастағы Привокзальный ықшамауданының тұрғыны екен. Полицейлер зардап шегушіні өз көліктерімен облыстық ауруханаға жеткізді. Дәрігерлердің тексеруі мен профилактикалық әңгімелесуден кейін ол үйіне жіберді.

Бұл фактіні облыстық ТЖД-ның батыс өңірлік аэромобильдік құтқару отряды растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/979180-atyrauda-saqshylar-kopirden-sekirip-o.html