RU

Ғалымдар ер мен әйелдің миында еш айырмашылық жоқ екенін айтты

Израилдің Тель-Авив университеті ғалымдары ер мен әйелдің миында еш айырмашылық жоқ екенін мәлімдеді.

Таяуда Швейцариядағы Базель университеті ғалымдары әйел мен ер адамның миында өзгешелік бар екенін, ми қызметі әртүрлі жұмыс істейтінін мәлімдеген болатын.

Онда мамандар эмоциялық зарядталған ақпарат ерлерге қарағанда, әйелдерге күштірек әсер ететінін анықтаған. Алайда, Израилдің Тель-Авив университеті ғалымдары ол тұжырымды жоққа шығарып, ер мен әйелдің ми құрылымының еш айырмашылығы жоқ деген мәлімдеме жасады.

Зерттеушілер 1400 адамның миын МРТ-да сканерлеп талдады. Мамандар ми қызметін емес, оның анатомиялық құрылымын тексерді, деп мәлімдеді HealthVesti.com.

Ғалымдар ми тінінің қалыңдығы мен оның әртүрлі құрылымының көлемін өлшеді. Қорытындысында, ғалымдар жекелеген параметрлер аясында жынысқа қатысты өзгешелік барын байқағанымен, ми құрылымынан айтарлықтай айырмашылық табылмағанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/979524-ghalymdar-er-men-ayeldinh-miynda-esh-ayyr.html