RU
ОҚО әкімі еркектерден кем түспей, отбасын асырап жүрген әйелдерге таңдай қақты

ОҚО әкімі еркектерден кем түспей, отбасын асырап жүрген әйелдерге таңдай қақты

Рассказать Вконтакте

ОҚО әкімі  өңірдегі әйелдердің батыл екенін айтып, мақтанды деп жазады NUR.KZ тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Шымкентте өткен Халықаралық әйелдер форумында өңірдегі әйел азаматтары еркектерден кем түспейтінін, кез-келген іске білек-сыбана кірісіп кете алатын батыл жандар екенін айтты.

Тіпті кейбір еркектердің қолынан келе бермейтін іске де араласып жүргенін жасырмады.

«Біздің менталитетке сай әйелдер алдымен ерін бірінші кезекке қояды. Отағасы нан тауып, отбасын асыраса, әйел бала туып, үйді жылулыққа толтыруы керек деген ұғым қалыптасқан. Дегенмен, отбасын асырайтын әйелдер де бар. Жұмысбасты нәзік жандылар бала тәрбиесіне де, үй шаруасындағы жұмыстарға да үлгеріп жүр. Шынын айтсам, бұл еркектің қолынан келмейді», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Сіздің реакцияңыз
8
21
3
3
0
34
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel