RU

Әлемдегі үйренуі мүлде қиын саналатын 5 тіл анықталды

АҚШ дипломатиялық ведомствосы әлемдегі үйрену қиын соғатын бес күрделі тілді анықтады.

Бұл туралы «Эхо Москвы» радиосы хабарлады деп жазады ras.kz.

Мәлім болғанындай, алғашқы үш орынды жапон, қытай (хансу) және корей тілдері алады. Мамандардың пікірінше, оларды игеру үшін 2000 сағаттан артық уақыт керек екен.

Ал төртінші орынға араб тілі орналасса, бесінші сатыға эстон тілі шыққан.

Бір ескерте кететіні, рейтингіні құрастырушылар тілдерді ағылшын тілді адамның үйренуі тұрғысынан қарастырыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/980179-alemde-uyrenui-mulde-qiyn-sanalatyn-5-t.html